АҚШ-тың білім министрі грамматикалық қателері үшін күлкіге қалды
Фото: AFP/Andrew Caballero-Reynold/Әлеуметтік желіден
АҚШ білім министрі Линда Макмахон Гарвард университетіне қоқан-лоқы көрсетіп, хат жолдаған. Университет шенеуніктің грамматикалық қателерін қызыл сиямен көрсетіп, әлеуметтік желіге жариялап жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Білім министрі Линда Макмахон Гарвард университетінің президенті Алан Гарберге хат жолдап, университет басшылығын жүйелі түрде жасайтын қателері мен олқылықтары үшін айыптады. Оның айтуынша, Гарвард студенттер мен қызметкерлерді қабылдау мен жұмысқа алу кезінде нәсілдік артықшылықтарды алға тартып, сонымен қатар антисемитизмге қарсы белсенді күрес жүргізіп жатыр деп сынады.
Шенеунік өз хатында университет президенті Дональд Трамптың талаптарын орындамаған жағдайда, оқу орны федералдық үкіметтен қаржылай көмек алмайтынын ескертті.
Сондай-ақ Макмахон өз қателеріне қарамастан, Гарвардтың білім беру стандарттарын мазақ еткен. Ол “Шырмауық лигасын” "түзетілген математиканы" оқытады деп айыптап, мектептегі плагиаттар туралы көрсеткен.
Фото: Видеодан скрин
Шенеуніктің хаты әлеуметтік желіде оңбай сынға ұшырады. Оның қызыл сиямен белгіленген қателері көпшіліктің талқысына түсті.
Гарвард университеті хатты профессорлық стилінде түзетіп, қызыл шимай хатты Линда Макмахонның өзіне қайтарып жіберген.

"Мықты еркек қана көп әйел ала алады": Тоқал болуға келіскен қазақстандық өмірінен сыр шертті
