АҚШ тарабы Ресей мен Украина арасында прогресс байқалмаса, бейбітшілік орнату әрекетінен бас тартатынын мәлімдеді
Америка Құрама Штаттары келісімге қол жеткізуге болатыны жөніндегі айқын белгілерді көрмесе, Ресей мен Украинаны бейбіт жолмен келісімге келтіру әрекетінен бас тартады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Pixabay.com
Агенттік дерегіне сүйенсек, бұл мәлімдемені АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио 17 сәуір күні Парижде ЕО және Украина өкілдерімен кездесуден кейін жасаған.
"Тез арада анықтауымыз керек. Мұны алдағы бірнеше аптаның ішінде іске асыру мүмкін бола ма? "Иә" болса, қатысамыз. Болмаса, бізде басқа басымдықтар жоқ", – деп мәлімдеді Марко Рубио.
Мемлекеттік хатшының айтуынша, АҚШ президенті Дональд Трамп әлі де мәмілеге мүдделі. Бірақ оның әлемде "басқа да көптеген басымдығы бар", егер прогресс белгілері болмаса, ол басқа мәселеге көшеді.
Рубио 17 сәуірде Парижде Украина өкілдерімен және еуропалық "тілек білдірушілер коалициясымен" кездескен. Осы кездесуден кейін Мемлекеттік департамент өкілдері кездесуде АҚШ тарабы "берік және тұрақты бейбітшілік нобайларын" ұсынғанын мәлімдеді. Содан соң Рубио Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен пікірлескен.
АҚШ президенті Дональд Трам 17 сәуірде "осы аптада" Ресейден атысты тоқтату туралы білдірген ұсынысына жауап күтетінін мәлімдеді. Алайда Ресейдің БҰҰ-дағы тұрақты өкілі Василий Небензя "қазіргі кезеңде" атысты тоқтату туралы әңгіме шындыққа сай келмейтінін айтты.