Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тан шығарылған қазақстандықтар Коста-Рикаға жеткізілді

Америкадан депортацияланған еңбек мигранттарының бір тобы Коста-Рикаға келді. Бұл ел АҚШ-тан шығарылған 200 Орталық Азия мен Үндістан азаматтарын қабылдауға келіскен. Олардың арасында Қазақстан азаматтары да бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

мигранттар

Фото: Reuters

Коста-Рикаға жеткізілген топтың ішінде Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Армения, Түркия, Ауғанстан, Ресей, Грузия мен Вьетнам, Әзірбайжан, Иран, Иордания мен Гана азаматттарының отбасы мүшелері бар. Барлығы 135 адам. Олардың жартысынан көбі кәмелет жасына толмағандар, арасында екі жүкті келіншек бар. 

Мигранттар тобын Сан-Диегодан Коста-Рика астанасы Сан-Хосеге жеткізілді. Әрі қарай автобуспен Панамамен шекарада орналасқан мигранттар панажайына барды. 

Қауіпсіздік министрінің орынбасары Омер Бадилла мигранттарға Коста-Рикада қалуға 1 ай уақыт беріледі. Әрі қарай ел билігі олардың елдеріне қайта мәселесін реттейді. 

Омер Бадилла әр мигранттың жағдайы "жеке сарапталатынын" айтады. Себебі туған елдерінде өмірлеріне қауіп төнбейтініне көз жеткізу керек дейді. Кейбірі Коста-Рикадан босқын мәртебесін сұрауы мүмкін. 

Талқылау