Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-тан келген Димаштың жанкүйері қазақ тілін үйреніп, салт-дәстүрмен таныспақ ниетте

Димаштың америкалық жанкүйері әншінің туған жерімен танысу үшін Қазақстанға келді.

3107689

Патрис Груллион есімді жанкүйер Лос-Анжелес қаласынан келген. Ол Астанада үш ай болып, қазақ тілін меңгермек ниетте. Қазақтың мәдениетімен, салт-дәстүрімн таныссам дейді. Ол Димаш оқитын университетке барып көрді. Енді әншінің концертін көру үшін Ақтөбеге аттанады.

Бұрын ешқандай жанкүйерлік топқа мүше болмаған Патрис қазір «Димаш USA» және Лос-Анжелестегі «Димаш Құдайберген» фан-клубтарының мүшесі.

“Димаш әлем елдерінін адамарын, мәдениетін байланыстырды. Біз туыстар секілді араласып кеттік. Димаштың осындай деңгейге жеткізгенін қазақстандықтар түсінсе екен деймін”, – дейді жанкүйер.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстанда мектеп бағдарламасына әлемдік діндер туралы жаңа оқулық енгізіледі

Алматы облысында баласын сатпақ болған әйел 8 жылға сотталуы мүмкін

АҚШ-та дүлей дауылдың құрбаны бола жаздаған отандастарымыз қалай аман қалғандарын айтты

Талқылау