АҚШ-тағы жеті егіз мектепті бітірді (фото)
Әлемдегі алғашқы жеті егіз мектеп бітіріп, өз жолдарымен кетуге дайын. Маккогидің жеті баласы – Кенни, Келси, Натали, Брэндон, Алексис, Натан жне Джоэл барлығы аттестат алып, Карлайл жоғары мектебін тәмамдады.
Жеті егіз туғаннан бері қиын жағдайларды бастан өткерген. Олар 1997 жылы 9 айлық мерзімнен бұрын дүниеге келген. Ал салмақтары 900-1800 грамм аралығында болыпты. Дәрігерлер олар тірі қалмайды деп қорыққан.
Брэндон әскерге кетуге дайындалып жүр. Ол әскери адам болуды үш жасынан армандаған.
Келси өте кішкентай болып туылған. Оның салмағы небәрі 1 келі болыпты.
Келси мектептегі хордың мүшесі болған, болашақта да өмірін музыкамен байланыстырғысы келеді.
Кенни-кіші туғаннан кейін.
Кенни құрылыс саласын меңгеру үшін сол бағытта университетте оқығысы келеді.
Алексис те ауырып дүниеге келді.
Алексис мұғалім болғысы келеді.
Натанның да денсаулығынад кінәрат болды.
Натан өзін ғылым саласында сынап көргісі келеді.
Джоэл соңғы болып өмірге келді.
Джоэл коледже информатика пәнін оқуды жоспарлап жүр.
Босанар алдында.
Сол кездегі АҚШ президенті Бушпен бірге.
Олар үкіметтен үй, көлік сыйға алды.
Кенни мен Бобби.
Маккоги отбасы Бушпен кездесіп тұр.