Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та жоғалған студенттің ата-анасын әлеуметтік желідегі жазба шошытты

Ержан Еліковтың ата-анасы әлеуметтік желідегі атышулы жазбаны ұлдарының жазбағанына сенімді. Бұл туралы отбасының адвокаты айтып берді.

otbas-1

Оның сұхбаты “Астана” арнасынан көрсетілген болатын.

Фейсбук әлеуметтік желісінде Yerzhan Yelikov атауымен тіркеіп, еліне келгісі келмейтіні туралы жазба қалдырған аккаунтың шын-өтірігін сыртқы істер министрлігі тексеріп жатыр екен.

Еске сала кетсек, Өскемен тұрғыны 5 жыл бұрын Пенсильвания штатында жоғалып кеткен. Ол “Болашақ” бағдарламасы аясында биотехнология және гендік инженерия факультетінде білім алған. Қазір жоғалған студентті іздеуге Қазақстанның сыртқы істер министрлігі кірісті.

“Мұндай хабарлама жасау ата-анасын шошытты. Бұл оның стилі, оның лексикасы емес, яғни Ержан Еліков емес. Егер ол өзін іздеп жатқанын білсе, ата-анасына хабарласатын еді”, деді адвокат Қалтай Қалиақпаров.

Оқи отырыңыз:

Мешіттегі оқиға: Бастан-аяқ қара киінген қыздар қазақ әжейдің оқыған намазын мазақ қылған

Дін істері министрі Ермекбаев «ифтар», «машалла» сынды сөздерді пайдаланбауға кеңес берді

Мектеп басшысы Құран сүресін жатқа айтқан 5 жасар қызды мектепке бірден қабылдаған

Есінеу шарттары: Дінде есінеудің шайтаннан болатыны айтылған

Талқылау