Ұлды болуды армандаған ер адам 3 айлық қызын аяусыз ұрып тастады
АҚШ-та ұлды болғысы келген ер адам 3 айлық қызын аяусыз ұрып тастады деп айыпталып жатыр.
Сурет: Rep.ru
Бұл туралы Mirror сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Огайо штатындағы Мейсон қаласының полициясы 33 жастағы ер адамды баласын ұрып-соғып, қауіп төндірді деп айыптап жатыр. 3 айлық қыздың миы шайқалып, бірнеше сүйегі сынған.
Мануалды терапия жасаумен айналысатын ер адам әйелімен бірге 2 қызын тәрбиелеп отыр.
Прокурордың сөзінше, ұлды болғысы келген айыпталушы қыз баланың дүниеге келгеніне көңілі толмаған. Сонымен қатар ол сәбиінің «мазасыз» болғанына жиі ашуланыпты.
Ер адам 3 айлық қызын ауруханаға алып келіп, «қайғылы оқиға» орын алғанын айтқан. Алайда дәрігерлер ер адамның сөзіне күмән келтіріп, полицияға хабар беріпті.
Полиция қызметкерлері ер адамды тұтқындады.
Оқи отырыңыз:
Францияда бұрынғы хирургтің пациенттерін нәжіспен емдеп келгені анықталды
Таңғажайып жағдай: Қытайда автобус жарылып кетіп, жолаушылар аман қалды (видео)
Әйел адамды артынан теуіп жіберіп әзілдеген жігіт 23 млн теңге өтемақы төлейтін болды
Бұхара қаласында азан шықырылған мұнарадан «жын ұлыды» (видео)