Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та тұңғыш қазақша-ағылшын Oxford сөздігінің тұсаукесері өтті

АҚШ-тың Конгресс кітапханасында Оксфорд баспасынан шыққан тұңғыш қазақша-ағылшынша сөздіктің тұсаукесері өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Сыртқы істер министрлігі

Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі сөздіктің маңыздылығын атап өтті. 

"Қазақ тілі" халықаралық қоғамы әзірлеген Оксфорд баспасынан шыққан тұңғыш қазақша-ағылшынша сөздіктің тұсаукесері болды. Ұйым президенті Рауан Кенжеханұлы сөздік тіл үйренушілерге көмектесіп қана қоймай, оның әлемдік лингвистикалық қауымдастыққа енуін қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл – қазақ тілін халықаралық аренада танымал ету және дамыту үшін жасалған маңызды қадам", – делінген хабарламада.

Республика күні қарсаңында Конгресс кітапханасында салтанатты шара өтіп, онда Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ержан Ашықбаев мәдениет, тарих және әдеби мұраға арналған кітаптар жинағын сыйға тартты. 

Конгресс кітапханасының өкілі Қазақстанға жасаған жомарт сыйы үшін ризашылығын білдіріп, бұл кітаптар Орталық Азиядағы зерттеушілер үшін құнды дереккөз болатынын атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін NU-да тұңғыш қазақ-ағылшын Oxford сөздігі таныстырылған еді.

Талқылау