Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та TikTok қайта іске қосылды: Трамп компанияға 3 ай уақыт берді

АҚШ 1 күннен соң TikTok желісіне тыйымды уақытша алып тастады. Трамптың айтуынша, әзір 90 күн желі өшпейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп TikTok-қа 90 күн уақыт беретінін мәлімдеді.

2024 жылдың сәуірінде АҚШ конгресі қытайлық ByteDance компаниясына платформасын америкалық компанияға сатуды талап ететін заң қабылдады. Әйтпесе 2025 жылдың 19 қаңтарынан бастап әлеуметтік желіге тыйым салынар еді.

ByteDance тыйым салынбас үшін платформаны сатуға шешім қабылдады. TikTok “қалпына келтіру” процесінде екенін айтты. Сол үшін Трамп оларға тағы уақыт берді. 

Компания АҚШ-тың сайланған президентіне түсіністік танытқаны үшін алғыс айтты.

TikTok қосымшалары қайтадан пайдаланушыларға қолжетімді болды.

 


Қытай TikTok қолданбасының АҚШ-тағы активтерін Илон Маскке сатпақ – БАҚ


Платформа миллиондаған америкалық пайдаланушылар арасында танымал.  TikTok-та күніне орта есеппен 51 минут уақытын арнайтын 170 миллион америкалық қолданушы бар.

Әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Ұлыбританияда TikTok-қа мемлекеттік қызметкерлер үшін тыйым салынған. Сондай-ақ Үндістанда оған толық тыйым салынады.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ-та TikTok желісіне тыйым салынғаны айтылды.

Талқылау