АҚШ-та суперменнің костюмін киген ер адам биік балконнан секіріп кетті
АҚШ-тың Теннесси штатында суперменнің костюмін киген ер адам көпқабатты үйдің балконынан секіріп кетті.
Бұл туралы Fox News хабарлайды.
Оқиға түскі 10 шамасында болған. Ер адам негізінен егде адамдар мен мүгедектер тұратын 10-қабаттан секіріп кеткен. Тұрғындардың бірі қайғылы оқиға болардан бірнеше күн бұрын әлгі адаммен сөйлескенін, бірақ күдікті ештеңе байқамағанын айтыпты.
“Ол есірткінің ықпалында емес, кәдімгі ақыл-есі сау адам болды. Ол өте жақсы жігіт еді”, – дейді тұрғын.
Талқылау