Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та қоршауға сүрініп қалған қыз 6 миллион доллар өндіріп алды

Алғашқыда Диккенс сүрініп, құлап қалғаны үшін өтемақы ретінде 8 миллион доллар талап еткен. Алайда болған оқиғаға қыздың өзі 25%-ға кінәлі деп танып, сот оған 6 миллион доллар өндіріп берді.

Бұл туралы Life.ru-ға сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Бойжеткен осыдан 5 жыл бұрын қоршауға сүрініп қалған. Ол уақытта Диккенстің жасы 13-те еді. Қыз автокөлікті қоршауға алған баудан секіріп өтпек болып, ақырында құлап, қолын сындырып алған-ды.

Алған жарақатының әсерінен Диккенс артритке шалдығып қалған. Бұл дерттің кесірінен Диккенс қолын толыққанды пайдалана алмайды.

«Сот дұрыс шешім шығарды деп ойлаймын. Себебі ол артритке шалдығып, қолын дұрыстап қимылдата алмайды. Өкінішке қарай, Диккенстің жарақаты уақыт өткен сайын нашарлай береді», – дейді қыздың қорғаушысы Грегг Стоун.

Жіберіп алмаңыз:

Үндістанда селфи жасамақ болған үш студент пойыз астына түсіп қаза тапты

Сайқымазақ бетпердесін киіп адам өлтірген қылмыскер 27 жылдан соң ұсталды

Америкалық бойжеткен кеудесін үлкейтпек болып екпе жасатқан соң көз жұмды

Балаларды өліп қалыңдар деп қарғаған жапондық тұтқындалды

Талқылау