Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та күйеуі әйелін орынсыз әзілдері үшін өлтірген

Американың Аляска штатында ер адам өзінің әйелін өлтіргенін мойындады. Бұған әйелінің орынсыз әзілдері себеп болған екен.

1434071276

Сурет: РИА Новости

Бұл туралы Русская Служба басылымы хабарлайды.

39 жастағы Кристи Манзанарестің мүрдесі лайнердің ішінен табылған. Куәгерлердің бірі ер адамның әйелінің мүрдесін балконға сүйреп бара жатқанын көрген екен. Екінші куәгер ер адамның қанға малынған күйде лайнер ішінде ары-бері жүріп жүргенін байқап қалған. Мұнымен қатар, жолаушылар әйел адамның айқайлаған даусын естігендерін айтады.

Кристидің өлі денесі табылғандықтан, лайнер Алясканың Джуно қаласында тоқтауға мәжбүр болған. Тұтқындалған кезде ер адам “Менің өмірім осымен бітті” деп айтқан екен.

Аталған оқыс оқиға өткен сейсенбіде болған. Кеме ішінде 3 400 адам отырған. Summit Sotheby’s International Realty басшысы Кристи Манзанарестің нәзік әрі еңбекқор қызметкер болғанын айтады. Ал күйеуі оны орынсыз әзілдері үшін өлтіргенін жеткізген.


Жіберіп алмаңыз:

Қапшағай трассасындағы жол апатында ер адам қайтыс болды (фото)

Белгісіз біреу түрмеге граната лақтырып, 20-дан астам тұтқын қашып кеткен

Алматыда бағдаршамға қарамай өткен мопед жүргізушісі ауыр халде жатыр

Өртке кешігіп жеткен құтқарушылар кептеліске түсіп қалдық деп ақталды

Талқылау