Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та Иранға ядролық соққы жасауы мүмкін екені айтылды

АҚШ-та Иранға ядролық соққы жасалуы мүмкін екені айтылдыФото: AP Photo / ISNA/Alireza Sotakbar

Пентагон басшысының бұрынғы кеңесшісі Дуглас Макгрегор журналист Такер Карлсонға берген сұхбатында Израильдің жақында Иранға ядролық қарумен соққы жасауы ықтимал екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Дуглас Макгрегордың айтуынша, британиялықтар мен француздар өздерімен кеңеспей ешқашан ядролық қару қолданбайды.

“Ал ядролық қаруы бар екенін ресми түрде мойындамайтын елді басқарып отырған Израильдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхуға жағдайында да осылай ма? Меніңше, олай емес”, – деді ол.

Оның сөзінше, Израиль бұл қадамға АҚШ-тың келісімінсіз де баруы мүмкін. Сондықтан Вашингтон бұл мәселеде өзін алдамауы керек.



Бұған дейін Такер Карлсон Иранға қарсы соғыс жаңа әлемдік тәртіп орнатуға бағытталғанын айтқан еді.

“Бұл соғыс адамзат тарихындағы жаңа дәуірдің, жаңа тарихи кезеңнің, жаңа әлемнің басталуын білдіруі тиіс”, – деген еді ол. 

Бұған дейін Путин мен Трамп телефон арқылы Иран төңірегіндегі жағдай мен Украина бойынша келіссөздерді талқылаған еді. 

Айым Болатқызы
Сәрсенбі, 11 Наурыз, 2026 11:29