АҚШ-та екі басты жылан табылды
АҚШ-тың Флорида штатында жергілікті фермер жаңа туылған екі басты жыланды тауып алды.

Сурет: National Geographic/Видеодан скриншот
Бұл туралы National Geographic сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Ер адам жыланды мал дәрігеріне апарыпты. Ол жыланның басы ғана емес, жүрегі мен ас қорыту жолдары да екеу екенін анықтаған. Мұндай жағдай табиғатта сирек кездеседі.
Мамандардың айтуынша, ас қорыту жолдарының бөлек болуы, жыланның жабайы ортада өмір сүру мүмкіндігін төмендетеді екен.
«Мұндай жыландардың көбі ұзақ өмір сүрмейді. Себебі жеткілікті түрде қоректене алмайды. Сонымен қатар олардың бүйрегі ортақ болуы және сол себепті зәр шығаруда қиындықтар болуы мүмкін», – дейді мал дәрігері Лора Тилен.
Оқи отырыңыз:
Ерекше әрі сұлу көріну үшін саусағына пирсинг жасатқан бойжеткендер жұртты шошытты (фото)
Босанып жатқан әйел құрсағындағы нәрестені өзі шығарып алды (фото)
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді