АҚШ соққы жасауы мүмкін: Иран әскеріне жоғары дайындық режимі енгізілді
Иран АҚШ әуе соққысын жасауы мүмкін деп қауіптеніп, әскеріне жоғары әскери дайындық режимін енгізді. Сондай-ақ Тегеран көрші елдерге ескерту жасап, Вашингтонға көмектескен жағдайда "салдары" болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: oxu.az
Иранның жоғарғы көшбасшысы Али Хаменеи АҚШ президенті Дональд Трампттың соққы жасау мүмкіндігі туралы сөзінен кейін әскерді жоғары дайындық режиміне келтірді.
Иран Ирак, Кувейт, БАӘ, Катар, Түркия мен Бахрейнге хабарлама жолдап, АҚШ-тың Иранға шабуылын кез келген түрде қолдау, соның ішінде олардың әуе кеңістігін немесе аумағын америкалық әскерилер қолданса, бұл "қастық актісі ретінде" қаралатынын ескертті. Сондай-ақ мұның "салдары ауыр болатынын" жеткізді.
30 наурызда Трамп NBC News-ке берген сұхбатында Вашингтон мен Тегеран ядролық программа бойынша келісімге келмесе, АҚШ Иранға соққы жасайтынын айтқан еді.
"Егер келісімге қол қоймаса, бомбалау басталады. Мұндай соққыны олар бұған дейін көрмеген", – деді АҚШ президенті.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген