АҚШ смартфон, ноутбук, планшет сияқты электронды техниканы баж салығынан босатты
АҚШ смартфон, ноутбук, планшеттер мен электронды техниканың басқа түрлерін АҚШ-тың "өзара баж салығы" салынатын тауарлар тізімінен шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл туралы америкалық шекара және кеден қызметінің жаңартылған нұсқаулығында айтылды. Онда салықтан босату 5 сәуірден бастап енгізілгені көрсетілген.
Импорттаушыларға бұрын төленген баждарды қайтаруға рұқсат етіледі. Бұл үшін егер беру мерзімі әлі аяқталмаса, реттелмеген жеткізілімдер туралы есептілікке немесе реттелген наразылыққа өзгерістер енгізу туралы өтініш беру қажет.
Босатылған тауарлар тізіміне ноутбуктер, смартфондар, модемдер, сыртқы қатты дискілер, флэш-карталар, мониторлар, транзисторлар және жартылай өткізгіш құрылғылар сияқты 20 атау кірді.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүре алмай қалған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"