АҚШ Сириядағы 75-тен астам нысанға соққы берді
8 желтоқсанда АҚШ күштері Сирияның орталығындағы "Ислам мемлекеті" ұйымының 75-тен астам нысанасына соққы берді. Шабуылдың мақсаты – ұйымның елдегі тұрақсыз жағдайды пайдалану әрекеттерінің алдын алу. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АҚШ Орталық қолбасшылығына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: globallookpress.com
АҚШ Орталық қолбасшылығының мәліметінше, ДАИШ-тің белгілі лагерьлері мен содырларына бағытталған соққылар жасалды.
"ДАИШ басшыларына, содырларына және лагерьлеріне қарсы соққылар лаңкестік топтың сыртқы операцияларды жүргізуіне жол бермеу. Ұйымның өз мүмкіндіктерін теріс бағытта пайдалануына жол бермеу үшін қарсы соққылар жасалды", – деді CENTCOM.
𝐔.𝐒. 𝐂𝐞𝐧𝐭𝐫𝐚𝐥 𝐂𝐨𝐦𝐦𝐚𝐧𝐝 𝐂𝐨𝐧𝐝𝐮𝐜𝐭𝐬 𝐃𝐨𝐳𝐞𝐧𝐬 𝐨𝐟 𝐀𝐢𝐫𝐬𝐭𝐫𝐢𝐤𝐞𝐬 𝐭𝐨 𝐄𝐥𝐢𝐦𝐢𝐧𝐚𝐭𝐞 𝐈𝐒𝐈𝐒 𝐂𝐚𝐦𝐩𝐬 𝐢𝐧 𝐂𝐞𝐧𝐭𝐫𝐚𝐥 𝐒𝐲𝐫𝐢𝐚
— U.S. Central Command (@CENTCOM) December 8, 2024
U.S. Central Command (CENTCOM) forces conducted dozens of precision airstrikes targeting known ISIS camps and… pic.twitter.com/E7CUPuPehf
АҚШ әскерилері әуе күштерінің әртүрлі активтерін, соның ішінде B-52, F-15 және A-10 ұшақтарын пайдаланғанын айтты.
Олардың айтуынша, соққы кезінде бейбіт тұрғындар зардап шеккен жоқ.
CENTCOM "Сириядағы осы динамикалық кезеңде де ДАИШ-тің операциялық мүмкіндіктерін азайту" операциясын жалғастыру үшін аймақтағы одақтастарымен және серіктестерімен жұмыс істеуге уәде берді.
"Біз ДАИШ-тің қайта пайда болуына және Сириядағы қазіргі жағдайды пайдаланып қалуына жол бермейтіміз”, – деді генерал Майкл Эрик Курилла.
Айта кетейік, бұған дейін "Хайят Тахрир аш-Шам" содырлар тобы Сирия президенті Башар Асадтың елден кеткенін және Дамаск астанасын басып алғанын мәлімдеді. Дамасктегі көтерілісшілер мемлекеттік телеарна эфирінде жеңіске жеткендерін жариялады. Сириялық содырлар мемлекеттік телеарна мен Дамаск радиосы арқылы эфирге шығып, президент Башар Асад режимін құлатқандарын және саяси тұтқындарды босатқанын хабарлады.