АҚШ президенті Путинмен өте қатал түрде сөйлескенін айтты
АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен кездесу кезінде өзін қатал ұстағанын айтты.
«Мен Путинмен өте қатал түрде әңгімелестім», – дейді Трамп.
АҚШ президенті Путин екеуінің көп адамды құтқарып қалуға болатын «өте маңызды» қатынасы барын айтты. Ол тұрғыда Сириядағы жағдайды атауға болады.
Трамп Путиннен 2016 жылғы сайлау кезінде өзіне жақтасқаны қаншалықты рас екенін сұрамағанына өкініш білдірді. Осыдан соң Трамп соңғы уақытта Путинге ұнамайтын бірнеше шешім қабылдағанын айтты.
«Менің не жасағанымды қараңыз – мұнай бағасы арзандады. Біз ірі көлемде Польшаға арзан бағада табиғи газ жеткізбекпіз. Бұл, әрине, Путинге ұнамайды. Ал, әскери қызметкерлерге әскери құрылғылар алу үшін 56 млрд доллар бөлдік. Бұл да Путинге ұнамайды. Сонда ол қалайша мені қолдап жүр?», – деді Трамп.
Екі елдің президенті 7 шілде күні кездесті. Ресей тарапы 1 сағат, ал америкалық тарап 30 минут белгілегенімен кездесу 2 сағат 15 минутқа ұласты. Владимир Путин саммит қорытындысында сенімді сөйлеп, Америкамен өзара жақсы қатынас құрғанын айтқан еді.
Тағы да оқыңыз:
Бұрынғы судья көлікте жас баламен жыныстық қатынаспен айналысқан жерінен ұсталды
ДАИШ өз көсемдері әл-Бағдадидің көз жұмғанын хабарлады
Гейлердің үйлену тойы бүкіл әлем мұсылмандарының ашуын тудырды (фото)