АҚШ президенті Черногория премьер-министрін итеріп жіберіп, дөрекі қылық жасады (видео)
Ақ үйдің ресми өкілі Шон Спайсер АҚШ президенті Дональд Трамп пен Черногория премьер-министрі Душко Маркович арасындағы оқиғаға қатысты пікір білдірді.
Брюсселдегі НАТО саммиті кезінде Трамп өзінің алдында келе жатқан Черногория премьер-министрі Душко Марковичті дөрекі түрде итеріп жіберіп, өзі алдыға шығып алған болатын. Аталмыш сәттің видеосы жылдам әлеуметтік желіге таралып кетіп, қолданушылардың түсінбеушілігін тудырған.
Президенттің баспасөз хатшысының айтуынша, НАТО-ға мүше елдердің мемлекет басшыларының тұратын орыны алдын ала анықталады, Трамп сол схемаға сай қимылдаған болуы мүмкін екен.
Еске салсақ, бейсенбі күні НАТО-ға мүше елдердің мемлекет басшылары мен үкімет басшылары Брюсселде экспресс-саммит өткізіп, “Ислам мемлекеті” ұйымына қарсы күресу мәселесі бойынша маңызды шешімдер қабылдаған болатын.
Оқи отырыңыз:
Өзінің мектептегі мұғаліміне үйленген 39 жастағы Франция президентінің басынан өткендері (фото)