Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

АҚШ пен Украина пайдалы қазбалар туралы келісімге қол қойды

Фото: Facebook.com/yulia.svyrydenko

АҚШ Қаржы министрлігі Киев пен Вашингтонның бірлескен пайдалы қазбалар және Украинаны қалпына келтіру үшін инвестициялық қор құру туралы келісімге қол қойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ВВС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

1 мамырда Вашингтон мен Киев Украинаның сирек металдарын пайдалану бойынша келісім-шартқа қол қойды.

Келісімнің "АҚШ халқының Ресейдің жаппай басып кіруі басталғаннан бері Украинаны қорғауға көрсеткен елеулі қаржылық және материалдық қолдауын мойындау үшін" жасалғаны айтылды.

“Бұл бірлескен тау-кен өндіру және Украинаны қалпына келтіруге көмектесетін инвестициялық қор құру туралы келісім. Бұл экономикалық ынтымақтастық екі елге ортақ активтердің, талант пен мүмкіндіктердің Украинаның экономикасын қалпына келтіруді тездетуін қамтамасыз ету үшін бірге жұмыс істеуге мүмкіндік береді”, – делінген хабарламада.

Келісімге сай, барлық ресурстар Украинаның бақылауында қалады, ал екі ел қорды теңдей басқарады. Құжатта Украинаның қарызды қайтаруы туралы сөз жоқ.

Осы ретте АҚШ-тың қаржы министрлігі екі тараптың "бағдарламаның қалай басқарылатынын түпкілікті бекіту және осы маңызды серіктестікті дамыту" бойынша әлі де жұмыс істейтінін мәлімдеді.

“Президент Дональд Трамп айтқандай, АҚШ қатыгез және мәнсіз соғысты тоқтатуға көмектесуге ниетті. Бұл келісім Ресейге Трамп әкімшілігінің ұзақ мерзімді перспективада еркін, егемен және гүлденген Украинаға бағытталған бітімгершілік үдерісін қолдайтынының нақты белгісі”, – деді қаржы министрі Скотт Бессент.


Украина мен АҚШ ресурстар туралы келісімшарт бойынша меморандумға қол қойды


Украинаның экономика министрі Юлия Свириденко келісімді Украинаның Жоғарғы Радасы ратификациялауы керек екенін айтты.

Укаринаның премьері Денис Шмыгальдің айтуынша, бұл келісімнің Украинаның Еуропалық Одаққа кіруіне ешбір кедергі жасамайды.

Бұған дейін Зеленский АҚШ-қа Украинаның пайдалы қазбаларын беру туралы келісімге қол қоймаған еді. Сондай-ақ АҚШ Украинамен табиғи ресурстар бойынша келісімге қол қоюдан бас тартқан еді. 

Айым Болатқызы
Бейсенбі, 01 Мамыр, 2025 14:49
Талқылау