Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

АҚШ Орталық Азиядағы сирек кездесетін металдарға қол жеткізуге ниетті – БАҚ

Фото: pixabay.com

Украинада қажет ресурстар аз болғандықтан, АҚШ Орталық Азиядағы сирек жер металдарына да қол жеткізгісі келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Nationall Interest басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Америкалық басылымның жазуынша, Киевпен жасалған келісім – тек алғашқы қадам. Вашингтон Орталық Азияның ресурстарына қол жеткізгісі келеді. Бірақ оған қол жеткізу оңай емес, өйткені бұл аймақ Ресей мен Қытай мүдделері аясына кіреді.

"АҚШ минерал қорын толықтырудың қосымша мүмкіндіктерін зерттеуі керек. Мұндай аймақтың бірі сирек жер металдарының айтарлықтай қоры бар Орталық Азия болуы мүмкін. Бұл тұрғыда Орталық Азия елдерімен – Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанмен тығыз байланыс орнатудың маңызы зор", – деп жазды басылым.

Бұған дейін АҚШ Өзбекстанмен сирек кездесетін металдарды өндіру бойынша ресурстық келісім жасасқан еді. Вашингтон мен Ташкент өкілдері келісімге 9 сәуірде АҚШ астанасында қол қойды.

Айнұр Мұхади
Сейсенбі, 06 Мамыр, 2025 09:35
Талқылау