Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ең нәтижелі кездесу": АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Рубио Женевадағы Украинамен келіссөзге баға берді

Марко РубиоФото: Фабрис Коффрини/AFP/Getty Images

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Украинадағы бейбітшілік жоспарына қатысты жоғары деңгейдегі келіссөздерден соң Женева қаласынан Вашингтонға қайтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі CNN порталына сілтеме жасап хабарлайды.

АҚШ мемлекеттік департаментіндегі жоғары лауазымды өкілі Рубио келіссөздердің техникалық деңгейде жалғасатынын айтып, "мақсатымызға ақылға қонымды әрі жақын уақытта жетеміз" деп оптимистік пікір білдірді.

Қазір АҚШ-тың өзге ресми тұлғаларының Женевадан кеткені-кетпегені белгісіз. Алайда бұған дейін Рубио америкалық тарапта түрлі деңгейдегі мамандардың бұл процеске толықтай тартылғанын және тұрақты түрде жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген еді.

Жексенбі күні өткен келіссөздерден кейін Марко Рубио Украина өкілдерімен жүргізілген талқылаулар барысында "айтарлықтай ілгерілеу" болғанын хабарлады. Оның айтуынша, Дональд Трамп әкімшілігі қаңтар айында қызметке кіріскелі бері Украина тарапымен өткен ең нәтижелі кездесу болған.

Аталған келісімнің түпкілікті қабылдануы АҚШ президенті Дональд Трамп пен Украина президенті Владимир Зеленскийдің мақұлдауына байланысты болмақ. Сонымен қатар бұл жоспарды Ресей де қолдауы қажет екенін CNN еске салады.


"Қадір-қасиеттен, не басты серіктестен айырылу қаупі тұр": Зеленский бейбітшілік жоспарына пікір білдірді


Кремль Ресейдің Зеленскиймен Түркияда өтетін келіссөздерге қатысатынын жоққа шығарды


Еске салайық, бұған дейін Украинадағы соғысқа байланысты халықаралық қауымдастық қақтығысты бейбіт жолмен реттеу үшін дипломатиялық келіссөздерді күшейтіп отырғанын жаздық. АҚШ өз тарапынан арнайы бейбіт жоспар ұсынып, оны Еуроодақ пен Украинамен талқылауда. Киев ұлттық делегация құрып, келіссөз процесіне дайын екенін білдірсе, Ресей бейбіт диалогқа ашық екенін мәлімдегенімен, Зеленскиймен тікелей келіссөзге қатысуды әзірге жоққа шығарып отыр.

Айым Атамбаева
Дүйсенбі, 24 Қараша, 2025 09:49
Талқылау