Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Қорғаныс министрлігі OpenAI мен Масктың компаниясына 200 миллион доллардан төлемек

Пентагон Маскке 200 миллион доллар бөлмекФото: bloomberg.com

Пентагон Илон Маскқа жасанды интеллект жобалары үшін 200 миллион долларға дейін қаржы бөлмек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Илон Маск негізін қалаған xAI компаниясы АҚШ Қорғаныс министрлігінен ірі тапсырыс алды. Келісімшарт сомасы 200 миллион долларға (105 миллиард 266 миллион теңге) дейін жетуі мүмкін. 

Қаржы жасанды интеллектіні пайдаланатын арнайы жобаларды жасауға жұмсалмақ. Бұл шешім xAI компаниясының Grok атты чат-боты жуырда антисемиттік және нәсілшіл пікірлер айтып, дауға қалғанына қарамастан қабылданды. Себебі Пентагон өкілдері "жасанды интеллект енгізу стратегиялық басымдықты сақтаудың жолы" деп санайды.



xAI-дың жобасы министрліктің "Grok for Government" деп аталатын цифрлық инфрақұрылымының бір бөлігі болмақ. Компания мәліметінше, бұл жоба мемлекет қажетіне жарайтды. Мәселен, барлау мен қауіпсіздік саласына арналған жасанды интеллект жүйелерін құруды көздейді. Жобаға тек АҚШ азаматтары, арнайы тексерістен өткен мамандар ғана тартылады.

xAI-дан бөлек, жалпы сомасы 800 миллион доллар болатын Жасанды интекллект пакетіне Google, OpenAI және Anthropic та кірді. 

Бұған дейін Илон Маск мемлекет қаржысын үнемдеу үшін Department of Government Efficiency (DOGE) деп аталатын бастама көтеріп, үкіметке 190 миллиард доллар үнемдеуге көмектесетінін жеткізген. Бірақ сарапшылар бұл сандардың тым асыра айтылғанын мәлімдеген еді. Енді, керісінше, Маск мемлекеттік бюджеттен қаржы алып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ сенаты Илон Маск сынға алған Трамптың заң жобасын мақұлдағаны туралы жазған едік. 

Жұмаділлә Нұрила
Сәрсенбі, 16 Шілде, 2025 14:48
Талқылау