Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ Иранға қарсы ұзақ мерзімді құрлық операциясына дайындалып жатыр

Фото: freepik.com

Пентагон Иранға қарсы бірнеше аптаға немесе бір-екі айға созылатын құрлық операциясына дайындалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Washington Post басылымына сілтеме жаспа хабарлайды.

Америкалық шенеуніктердің мәліметінше, операция толыққанды соғыс немесе елді түгел басып алу түрінде болмайды. Оның орнына шағын әрі нысаналы әскери әрекеттер, арнайы жасақтар мен жаяу әскердің бірлескен қысқа мерзімді шабуылдары жүргізіледі.


Йемендік хуситтер Иран жағында Израиль мен АҚШ-қа қарсы соғысқа ресми түрде кірісті


Сыртқы істер министрі Иран мәселесі бойынша бейбіт келіссөзді Қазақстанда өткізуді ұсынды: Ол қай қаланы атады​


​​​​​​Десе де АҚШ президенті Дональд Трамп Пентагон ұсынған жоспарларды қабылдай ма, жоқ па әзірге белгісіз. 

The Washington Post мәліметінше, соңғы бір айда Дональд Трамп әкімшілігінде Иранның Харк аралын басып алу және Ормуз бұғазы маңындағы жағалау аймақтарында рейдтер жүргізу мүмкіндігі талқыланған. Мұндағы мақсат кемелерге соққы беруге қабілетті қару-жарақты анықтап, жою.

Басылымға пікір білдірген шенеуніктердің бірі ықтимал операция бірнеше айға созылуы мүмкін екенін айтса, екінші дереккөз оның бірнеше аптаға ғана жалғасатынын жеткізген.

Ал АҚШ-тың жоғары лауазымды қорғаныс ведомствосының өкілі Вашингтонның жоспарлары ауқымды екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл жоспарлар бұрыннан дайындалып келе жатыр. 

The Washington Post дереккөзіне сәйкес, Иран аумағын басып алу билік беделіне соққы беріп, келіссөздерде қосымша қысым тетігіне айналуы мүмкін. Алайда басты қиындық аумақты басып алу емес, оны ұстап тұратын әскерилердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болмақ.

“Харк аралындағы адамдарды қорғау қажет. Бұл күрделі міндет. Аралды басып алу қиын емес, қиындық – сол жерде жүрген әскерилерді қорғаудай, – деді дереккөз.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Ирандағы соғыс әлі бір ай созылатынын мәлімдеген еді. 

Нұрила Жұмаділлә
Жексенбі, 29 Наурыз, 2026 09:23