АҚШ Эквадормен бірігіп террористік ұйымдарға қарсы операция бастады

АҚШ Эквадормен бірге террористік ұйымдар мен есірткі тасушы қылмыстық топтарға қарсы бірлескен операция бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ақпаратты Пентагонның Оңтүстік қолбасшылығы хабарлады.
"3 наурыз күні Эквадор мен АҚШ-тың қарулы күштері террористік деп танылған ұйымдарға қарсы операцияларды бастады", – делінген Х әлеуметтік желісіндегі мәлімдемеде.
Қолбасшылық бұл қадамды АҚШ-тың Латын Америкасындағы серіктестерінің есірткі терроризміне қарсы күреске бейілділігінің көрінісі деп атады.
"Біз ұзақ уақыт бойы жарты шар елдерінің азаматтары арасында террор, зорлық-зомбылық пен жемқорлық тудырып келген есірткі террористеріне қарсы батыл әрекет жасап жатырмыз", – делінген хабарламада.
-
Али Хаменеидің ұлы Иранның жаңа жоғарғы жетекшісі болып сайланды – БАҚ
-
Трамп Иранға Эр-Риядтағы АҚШ елшілігіне жасалған шабуылға жауап беруге уәде етті
Өткен жылы АҚШ Латын Америкасында есірткі тасымалдады деп күдікке ілінген қайықтарды жою үшін қарулы күштерді белсенді қолдана бастады. Америка билігінің мәлімдеуінше, мұндай операциялар трансұлттық қылмыс пен қауіпті заттардың заңсыз айналымына қарсы күреске бағытталған.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді