Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ дәрігерлері 13 айлық сиам егіздерді ажырату операциясын жасады (фото)

Тәжірибелі дәрігерлер командасы ауыр отаны жасау үшін бір тәулікке жуық уақыт жұмсады.

егіздер

Нью-Йорк хирургтары бастары бірігіп қалған екі 13 айлық сиамдық егіздерге ота жасады, деп хабарлады Life.ru.

Бронкс емханасында жасалған ота сәтті өтті. Дәрігерлер тәжірибелі хирург Джеймс Гудрихтің нұсқауымен жұмыс істеді. Ота 24 сағатқа жалғасты.

Отаның өзі 16 сағат жасалса, қалған уақытта дәрігерлер егіздердің жаңадан ажыратылған бас сүйектерін дұрыстаумен болды.

Нәрестелердің бірі ауруханадан шығарылды, ал екіншісі қазір дәрігерлердің қатаң бақылауында. Мамандардың айтуынша, ол да жақын арада үйіне қайтарылады.

6e53d48cbbbd59de846e1c76b92e6a4f__980x

Отадан кейін егіздердің анасы Николь өз ойымен Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

«Бір жағынан қуанып тұрсам, екінші жағынан екіұшты ойда қорқып тұрмын», – деп жазды ол.

Одан бөлек, егіздердің анасы қос сәбидің бірнеше ай бойы оңалту үдерісінен өту керектігін, ештеңе қарамастан отаның сәтті ақталғанына қуанышты екенін айтты.

Жіберіп алмаңыз: 

Босанған ана мен сәбидің таңғажайып аман қалуы: отаны Қазақстандық дәрігерлер жасаған

Неліктен еттен бас тартуға болмайды?

АҚШ-та тілі ересек адамдікіндей сәби туды (фото)

Индонезияда трансгендерлерге арналған мұсылман интернат-мектебі жабылып қалды (фото)

Талқылау