Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

АҚШ азаматы өзін Қырғызстанда өлді деп жалған құжат жасап $1 млн алмақ болған

Америка азаматы өзін Қырғызстанда қаза болды деп жалған құжат жасаған. Осыдан соң туыстары құжат бойынша сақтандыру компаниясынан өтемақы талап еткен.

8393194

Бұл туралы Sputnik хабарлайды.

Өзбекстан азаматы 2000 жылдары АҚШ-қа барып, сол елдің азаматтығын алады. Кейін сақтандыру компаниясында өз өмірін сақтандырады. 2014 жылы өзінің қазасы туралы жалған айтып, Ош қаласынан көз жұмғаны туралы куәлік алады. Жазбаның жалған екені анықталады. Ол тіпті зират басында өзіне құлпытас та орнатыпты.

Туыстары компаниядан өтемақы талап етіп, Қырғызстанға келген компания өкілдеріне анықтама қағаздары мен зираттағы қабірін көрсеткен. Алайда, тергеушілер алаяқтық істің анық-қанығын тексерді.

Іс бойынша «Мемлекеттік мөр, бланкілерді пайдалана отырып жалған құжат жасау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар кісі өлімі жайында жалған анықтама қағазын берген медицина қызметкері де жауапқа тартылып, ірі көлемде айыппұл төлеуге міндеттелді. Өзінің өлімі жайлы жалған құжат жасаған азамат құқық қорғау органдарынан қашып жүр.

Жіберіп алмаңыз:

Алматыда бес күн бойы қар жауады

62 жастағы миллионерге тұрмысқа шыққан 27 жастағы модель той суреттерін көрсетті (фото)

Қытайда той қонақтары жас жұбайларды елдің көзінше секспен айналысуға мәжбүрледі (видео)

Талқылау