Ақсай шатқалында өрт шықты: Жалынды сөндіруге Ми-8 тікұшағы әкелінді
Видеодан скриншот
Алматы облысындағы Ақсай шатқалында ірі өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, құтқарушылар өртті сөндіріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ауа райы жағдайларына байланысты жалынды өшіру қиындап отыр. Өртті сөндіруге су төгетін құрылғымен жабдықталған Ми-8 тікұшағы жеткізілді.
"Өрт Алматы облысы Қарасай ауданы Көклайсай саяжайлары аумағында шықты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", – делінген хабарламада.
Маңайдағы саяжай тұрғындары алдын ала эвакуацияланған.
"Қазір өрттің тұрғын үйлер мен іргелес аумақтарға таралу қаупі жойылды", - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, оқиға орнына Алматы облысы төтенше жағдайлар департаментінің, төтенше жағдайлар министрлігінің №28237 әскери бөлімінің күштері мен құралдары, сондай-ақ мемлекеттік ұлттық табиғи парктің қызметкерлері жіберілді.
"Жалпы 150-ден астам адам мен 20 бірлік техника жұмылдырылған", – деп мәлімдеді ТЖМ.
Төтенше жағдайлар министрлігі Ақсай шатқалындағы қураған ағаштан шыққан өрттің локализацияланғанын қосты. Өрттің алдын ала аумағы – 5 гектар.
Еске салсақ, Алматыда өрт қаупінің 5-деңгейі жарияланған еді.

"Балам әкесінің дертін "мұра" етіп алды": Қазақстандық шизофрениямен ауыратынын 16 жыл бойы әйелінен жасырып келген
