Қазақстандық синоптиктер ақпан айында 20 градустық аяз болатынын айтты
Қазгидрометтің болжамынша, 3-6 ақпан күндері Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы 10-20 градусқа дейін суытады.
«Айдың басында және келесі аптада Қазақстанда ауа райы бұзылып, жауын-шашын, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда қатты жел соғады. Ал, солтүстік өңірлерде тұман түсіп, жер көктайғақ болады деп болжап отырмыз. 3-6 ақпан күндері және айдың ортасында Қазақстан аумағы бойынша суық антициклон ауысып, Қазақстанның солтүстігінде түнде ауа температурасы 22-32 градусқа дейін, күндіз 15-22 градусқа дейін суытады»,-деп хабарлады Қазгидромет мамандары.
Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес суықтың осындай қарқындағы толқыны үшінші онкүндіктің басында күтіледі, бұл суық антициклонның келуімен байланысты. Қалған күндері белсенді циклондардың қосылуымен және олармен байланысты болатын фронтальды бөліктермен ауа-райы жаңбырлы, бұлтты болады.
Нәтижесінде айдың орташа ауа температурасы Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында және Қарағанды облысының басым бөлігінде климаттық мәндер шегінде, ал республиканың қалған бөлігінде нормадан 1°С-қа төмен болады.
Айлық жауын-шашын көлемі Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, сондай-ақ Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде нормадан төмен; қалған аумақта – норма шегінде болжанады.