Ақмола облысының тұрғыны сыныптас қызын өлтіріп, балаларын тірідей өртеп жіберген
29 тамыз күні Ақмола облысының Жақсы ауылында жантүршігерлік оқиға болды. Жергілікті тұрғын бұрынғы сыныптас қызын өлтіріп, балаларын өртеп жіберген.
Бұл туралы Экспресс К хабарлайды.
29 тамыз күні Жақсы ауылында үй өртенді. Өртті сөндіру кезінде үй иесі мен оның 1 және 2 жастағы қыздарының денелері табылды. Сот-медициналық сараптама бойынша, мерт болған әйелді зорлап, кейіннен өлтірген. Ал, балалары газ уынан көз жұмған.
Қылмысқа қатысты мерт болған әйелдің сыныптасы, 19 жастағы жергілікті тұрғын күдікке ілінді. Ол сыныптас қызының үйіне шақырусыз келгенін мойындады. Сыныптасы балаларын ұйықтатып келген соң екеуі ішімдік ішкен. Кейін ол сыныптас қызын бас салып, зорлайды. Сыныптасы бұл туралы полицияға арызданатынын айтқан соң, күдікті оны пышақтап, кетер алдында үй есігіне арақ құйып, от тұтатып кетеді.
Тергеу барысында күдіктінің 2014 жылы әйел зорлағаны үшін істі болғаны анықталды. Ол жалғызбасты әйелдердің үйіне түнгі уақытта кіріп, ұрып-соғып зорлаған. Алайда, ол кезде 17 жаста болғандықтан сот оны бір жылға ғана бас бостандығынан айырған.
Нұржан Баймулдин
Жіберіп алмаңыз:
Әйел-дәрігерді соққыға жығып зорламақ болған ер адамға қатысты үкім шықты
ШҚО прокуратурасы қызметкері жолда жылдамдықты шектен тыс арттырып мақтанды (видео)
11 жастағы Өркен Азаматұлының өліміне күдіктілердің суреттері жарияланды