Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында ұстаз оқушының мойнындағы православиелік алқаны шешіп тастады

Ұстаз екінші сынып оқушысының мойнындағы православиелік айқаршақты шешіп тастаған. Мұны тек оқушының рұқсатын сұрағаннан кейін ғана жасаған. Сынып жетекшісі мұны билеп жүрген қызға кедергі болмауы үшін жасаған екен.

660728705a711ec045d37bec48ce3fd3_crop_l_3_t_52_w_721_h_406

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Толығырақ тілшіге жағдайды Ақмола облысы Есіл ауданы Мәскеу орта мектебінің директоры баяндап берді. Оқиға 2016 жылдың желтоқсан айында болса да, БАҚ-қа енді ғана белгілі болды. Бүлдіршіннің әпкесі Ақмола облысының білім басқармасына хат жазған. Қандай заңда мұндай әшекейді тағуға тыйым салғандығын сұраған.

“Біз барлық жағдайды ретке келтірдік. Анасынан да кешірім сұрадық. Ұстаз оған дәл осындай алқаны шіркеуден сатып алып берді. Оқушының анасы да мектептің үстінен арызданғысы келмейтіні туралы айтты. Ыңғайыссыз жағдай болды. Балалар билеп жүр екен. Белсенді би барысында алқасымен жарақаттанып қалмауы үшін ұстаз оны шешуді ұсынды. Ұстаз алқаның жібін шеше алмаған. Артынша оқушының рұқсатымен оны қайшымен кескен. Ұстаз мұндай әрекетке қыздың жағдайын ойлағандықтан ғана барған”, – дейді мектеп директоры Светлана Біржанова.

Директор бұдан діни-саяси астар іздеудің жоқ екенін де айтып өтті. Ал оқушының анасы Ирина Клименко мектепке еш өкпесі жоқ екенін жеткізді.

“Бізді әдейілеп ренжітті деп ойламаймын. Мен алқаның жібін қайтаруды талап еттім. Ал хатты мұндай әшекейді мектепке тағуға болып-болмайтынын білу үшін жаздым. Тыйым салынған болса, соған қатысты құжаттарды көрмек болдым. Мұндай шудың қажеті жоқ еді”, – дейді ол.


Жіберіп алмаңыз:

Атырау әкімдігі қайтыс болып кеткен адамға жер берген

Ақтөбелік жігіт кранмен көтеріліп, сүйіктісіне сезімін білдірді (видео)

Сотталушы рақымшылықтан бас тартты

Таразда жұма намазға жиналған жұрт жергілікті тәртіп сақшыларымен жанжалдасып қалды

Талқылау