Ақмола облысында мамонттың сүйектері табылды
Ақмола облысының екі бірдей ауданынан ежелгі дәуірде өмір сүрген мамонттың сүйектері табылды, – деп хабарлайды Хабар 24.
Жақсы ауданындағы Сандық өзенінің маңынан қазып алынған пілтұқымдас жабайы жануардың тістері мен мүйіздерін жергілікті тұрғындар байқап, археологтарға хабар берген. Ал Шортанды ауданына қарасты Жолымбет ауылының маңынан табылған сүйек сынықтарын құрылысшылар қойма салу барысында кездестірген екен. Олжаның барлығы бүгінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайына тапсырылды. Мамандар «бұл орындар кеңінен зерттеуді талап етеді», – дейді. Себебі Жақсы ауданындағы Сандық өзенінің жағасында 8 метр тереңдікте мамонттың тұтас қаңқасы жатқан көрінеді. Сондықтан жергілікті археологтар Алматы қаласынан палеонтологтарды арнайы шақыртып отыр.
«Біз бұл сүйектердің пішініне қарап қазіргі жануарларға ұқсамайтынын білдік те, бірден музейге тапсыру керек деп шештік. Себебі бұл – тарихи тұрғыдан өте құнды дүние. Ғалымдардың зерттеулеріне бір септігін тигізер деп ойладық», – дейді құрылыс компаниясының бас экологы Елена Шведова.
«Екі ауданда табылған қаңқа бөлшектері бір дәуірге тиесілі. Шамамен 40 мың жыл бұрынғы мамонттардың сүйегі. Ал палеонтологтар көктемде келеді. Әзірге бұларды басқа да осыған ұқсас жәдігерлермен салыстырады», – дейді облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығының директоры Қуаныш Шақшаков.
Жіберіп алмаңыз:
Әліпби оқимыз: латынға арналған бейнеролик жарияланды
Талдықорғанда өз ұлын зорлаған мектеп директоры сотталып жатыр
Айыптауды естіген Тоқтар Төлешов сотта күлкісін тыя алмады
Сары әулие ең жас әйелі дүниеге әкелген жиырма үшінші перзентін көрсетті (фото)