Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында әкім мен жеке кәсіпкер жанжалдасып, соңы қазамен аяқталды

Ақмола облысында жерлесін «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді» деп айыпталған Курское ауылының әкімі Владимир Рогозный қызметінен босатылды. Марқұмның туыстарыны әкім бауырларын соққыға жыққан, Баржақсы Жәмішев соның кесірінен көз жұмған деп есептейді.

Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Ұлыстың Ұлы күні қарсаңында болған қанды оқиға Есіл ауданына қарасты Курское ауылын дүр сілкіндірді. Ауыл тұрғындарының айтуынша, жанжал 9 наурыз күні жергілікті дәмханалардың бірінде басталған. Ол кезде ауыл әкімі Владимир Рогозныйдың бауыры мен жеке кәсіпкер Баржақсы Жәмішев сөзге келісіп қалса керек. Арада бір апта өткен соң інісін ренжіткен адамнан кек алу үшін әкім біздің үйге келді, -дейді қайтыс болған Жәмішевтің жұбайы.

“Жолдасым телефонын алмаған соң, әкімнің өзіне хабарластық. Ол Есілдеміз деді. Баржақсыны аудан орталығына алып кетіп, соққыға жыққан. Оны ұрғандары сонша, Баржақсының жанына барғанымда мені де танымай қалды. Бет-аузы көгеріп, басы ісіп кеткен. Біз оны дереу ауруханаға апардық. Оған шұғыл түрде ота жасалды. Алайда, жолдасым есін жиған жоқ. 5 күн ес-түссіз жатып, 22 наурыз ауруханада көз жұмды”, – дейді Баржақсы Жәмішевтің әйелі Татьяна Жәмішева.

Полицейлерге берген түсінігінде білдей бір ауылдың әкімі болған Владимир Рогозный «Жәмішев қатты мас болып, жүріп бара жатқан көліктен шығып кетпекші болды» деген. Осыған сүйенген полицейлер қылмыстық кодекстің 105-ші, яғни, «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Алайда марқұмның туыстары мен ауылдастары мұнымен келіспей отыр.

Владимир Рогозный Курское ауылының әкімі болып өткен жылы тағайындалған. Ақмола облыстық әдептік кеңес отырысының шешімі бойынша ол аталмыш қызметінен босатылып, қылмыстық іс облыстық құзырлы органға жіберілді.

“ҚР ҚК- нің 105-бабы, яғни өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұдан бөлек, Рогозный осыған дейін мас күйінде көлік тізгіндегені үшін 3 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылған”, – дейді Ақмола облыстық ІІД баспасөз қызметінің маманы Әсем Әбдірахманова.

Ал, Жәмішевпен кездескенде машинаның рөлінде өзі отырған. Сондықтан, күдіктінің ісі 346-шы бап бойынша да қаралып жатыр.

Владимир Рогозный ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйіне жіберілген. Бірақ, оны іздеп барған түсірілім тобы үйінен таба алмады.

Владимир Рогозный, Есіл ауданы Курское аулының экс-әкімі:

– Мен ешқандай ақпарат таратпау туралы қолхат бердім. Сондықтан әзірге ешнәрсе айта алмаймын.

– Ол өзі секіріп кетті ме, әлде, қалай болды?

– Ия, шын мәнінде ол жүріп келе жатқан көліктен түсіп қалды.

Алайда, Жәмішевтің туыстары жағдайдың басқаша болғанына сенімді. Оның шын мәнінде неден көз жұмғаны қостанайлық тәуелсіз сарапшылар жүргізіп жатқан сараптама нәтижесінен кейін белгілі болады.

Тағы оқыңыз:

ОҚО-да терроризмді насихаттаған имам сотталды

Денсаулық сақтау министрлігі Шымкентте балмұздақтан ұшынғандарға қатысты мәлімдеме жасады

Ақмола облысының тұрғыны пәтерін ойынхана айналдырған 

Алматының ауасын ластаған табиғат пайдаланушылары жазаланды

Мүгедек баланы азаптап өлтірді деп айыпталған тәрбиеші кешірім сұрады

Талқылау