Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында 18 жастағы жігіт iPhone 6-ны несиеге алып бер деп танысын қорқытқан

Ақмола облыстық полициясы бопсалау әрекетін жасады деген күдікпен 18 жастағы жігітті ұстады. Бұл туралы аймақтық ІІД хабарлады.

iphone6

18 қыркүйек күні Атбасар аудандық полиция бөлімшесіне 22 жастағы жігіт хабарласып, белгісіз біреудің физикалық күш көрсетіп, банктен несие алып беруге мәжбүрлегенін айтады.

“Жас жігіт iPhone 6 және Samsung телефондарын өз атына несие етіп рәсімдеген. Несиенің жалпы сомасы 373 200 теңгені құрапты. Оның сөзінше, аса таныс емес бір жігіт оны қала сыртына алып шығып, физикалық күш көрсетіп, несие алып беруге мәжбүрлеген”, – дейді полиция.

Жедел-іздестіру шаралары барысында Атбасар ауданының 18 жастағы тұрғыны ұсталды. Одан ұялы телефондар тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194 бабы бойынша іс қозғалды.

Оқи отырыңыз:

Шымкентте діни қылмыстық топты ұстау үшін арнайы операция жүргізілді (видео)

ШҚО тұрғындары бөгде планеталықтар жасап кеткен “ғаламатқа” таңғалып отыр

Орал полициясы төбелескен жігіттерді ажыратқан әжейді іздеп жатыр (видео)

Атырауда араққа тойып алған ер адам трансформаторға өрмелеп кетті

Талқылау