Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

15 жастағы қазақстандық жарыста мойнын сындырып, комаға түсті (видео)

Видеодан скрин

Ақмола облысында өткен жарыс кезінде 15 жастағы жасөспірім мойнын сындырып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Оқиға 7 қыркүйек күні Ерейментау ауданында болған. 

"Қазақша күрес бойынша өткен жарыс кезінде 15 жастағы жасөспірім ауыр жарақат алды. Қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – делінген полиция хабарламасында. 

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жасөспірім шұғыл түрде санитарлық авиациямен Астанадағы ауруханаға жеткізілген. 

"Алғашқы тексеруде жасөспірім ес-түссіз, клиникалық өлім жағдайында болған. Оқиға орнында реанимациялық көмек көрсетілді. Ауруханада оған жанама массаж, адреналин, дефибрилляция жасалып, содан кейін жүрек соғысы қалпына келді. Кейін жасанды тыныс алу құрылғысына қосылды", – дейді дәрігерлер.

Еске салсақ, бұған дейін Оралда 5 жасар бала MMA жаттығуы кезінде жарақат алып, бір көзінен айырылғаны туралы жазған едік.  

Дана Русланқызы
Дүйсенбі, 08 Қыркүйек, 2025 19:15
Талқылау