Ақмола облысында жол жөндеп жүрген жұмысшылар борсықтарды аяусыз өлтірген (видео)

Ақмола облысында борсықтарды аяусыз өлтірген төрт жұмысшының үстінен қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Желіде жұмысшылардың далада борсықтардың тұтас бір отбасын өлтіргені түсірілген видео тарады.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 2025 жылдың қараша айында Екатеринбург – Алматы автожолын жөндеу барысында жүргізілген жер қазу жұмыстары кезінде болған.
"Қатыгездік көрсету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаға қатысқан мердігер ұйымның төрт жұмысшысы анықталды. Тергеу нәтижелері бойынша олардың әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тергеу шаралары жалғасып жатыр", – делінген полиция хабарламасында.
Полиция жануарларға қатыгездік көрсеткені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, қазақстандықтарды табиғатты қорғау заңнамасын сақтауға шақырды.
"Қажетсіз қызмет үшін қалтамыздан төлеп отырмыз": Алматы әкімдігі не үшін жылуды өшірмей отырғанын айтты
Алматылық Ерғали Жақсылықов жергілікті билікке шағымданды
"Әйелдерге тән оюды ерлер пайдаланып жүр": Қазақстандық дизайнер жұлдыздардың ою-өрнекті орынсыз пайдаланып жүргенін сынға алды
Кез келген ою – оны жасаған адамның ішкі дүниесінің көрінісі