Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында жаңа туған нәрестеге құтқарушының аты қойылды

Ақмола облысында сәбиге 10 қаңтарда аязға қарамастан, боранды күні анасы мен ұлын құтқарған Ерейментау ауданы төтенше жағдайлар басқармасы бастығының аты қойылды.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: gov.kz/Төтенше жағдайлар министрлігі

Ол кезде әйел жүктіліктің 35-аптасында болған.

22 қаңтарда Амангелді Доскеновке отбасының жақыны қоңырау шалып, оны ауруханадан шығарып алу рәсіміне шақырған.

Сол кезде нәресте құтқарушының алақанын сезініп, балаға Амангелді деген есім берілді.

Дүниеге аман-сау келген Амангелді – отбасыдағы жетінші бала.

Баланың ата-анасы 7 санын қазақтар үшін ерекше, қасиетті сан деп ырымдап отыр.

Бұған дейін Ақмола облысында қарлы боранда жоғалған отбасын құтқару кезінде құтқарушыны үсік шалғанын жазған едік.

Талқылау