Ақмола облысында төрт жасар бала 39 магнитті жұтып қойған
Ақмола облысында төрт жасар бала 39 магнитті жұтып қойған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/nayzakokshe
2 қаңтарда бала қатты құсып, іші ауырып ауруханаға жеткізілді. Рентгенограммада ішекте бөгде зат бары анықталды.
Бала құсқан кезде ата-анасы оны көп тамақ жеп қойды деп ойлаған. Нәрестенің жағдайы нашарлап, тек үшінші күні ғана ауруханаға жеткізілді.
-
Атырауда тісін жұтып қойған баланың 3 рет клиникалық өлімі тіркелген
-
Әйелдер 14 миллион теңге тұратын алтынды ұрлап, жұтып қойған
"Сәбиді тез арада тексеріп, жедел операцияға дайындау үшін жансақтау бөліміне жатқызды. Ернар Қожабеков Лапароскопиялық стенд пен мониторды қолдану арқылы біз үш күнде 39 магниттік шарды шығарып алдық. Олар ішекті зақымдап, тесіп тастаған. Салдарынан перитонит пайда болды", – дейді балалар хирургы Сәлімжан Жақыпов.
Оның айтуынша, бұл – кейінгі алты айдағы үшінші оқиға.
Еске салсақ, бұған дейін Петропавлда үш жасар бала орындықтан құлап, көзіне пышақ кіріп кеткені туралы жазған едік.