Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақмола облысында қаңғыбас иттер тұтас бір қаланы үрейде ұстап отыр

Ақмола облысында қаңғыбас иттер тұтас бір қаланы қорқытып отыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар балаларға шабуыл жасайды. Ал, елдi мекенде иттерді бағуға арналған бiрде-бiр орын жоқ дейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Елордадан шалғайда орналасқан Қосшыда қаңғыбас иттер көпқабатты үйлердің ауласында, аялдамалар мен көшелерде қаптап жүр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жануарлардың мектеп оқушыларына да шабуыл жасауы ықтимал. Көпбалалы ана Гүлжанат Жұмашева балаларын үйден жалғыз қалдыруға қорқатынын айтты. 

“Қызым екінші сыныпта оқиды. Ол екі айдан бері далаға шықпай жүр. "Неге сыртқа шықпайсың?" деп сұрадым. Ол: "иттерден қорқамын" деп айтты”, – дейді Жұмашева. 

Қосшы тұрғындарының сөзінше, балалар мектептен қараңғы түскенде қайтады. Сол себепті олар үшін  алаңдаймыз дейді. Оның үстіне қала көшелеріндегі жарықтандыру жүйелері де жұмыс істемейді екен.

"Баламды мектепке өзім апарамын. Бір рет қаңғыбас иттің баламды соғып өткен кезі болды. Сол кезде балам қатты қорықты”, – дейді Юлия Демихова. 

Қаңғыбас иттер жылдан жылға көбейіп келеді дейді жергілікті тұрғындар. Осы уақыт ішінде қалада бірде-бір жануарларға арналған баспана салынбапты. 

Ең қауіпті бағыттардың бірі қала мектептерінің біріне барады. Бұл аллеядан күніне жүздеген бала өтеді. Мұнда 10-15 қаңғыбас ит жүреді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, олар анда-санда мектеп оқушыларына шабуыл жасайды.

Көкшетаудан 300 шақырым жерде орналасқан Ақмола облысының ветеринария басқармасы астанаға жақын қалада итті бағуға жауапты. Жергілікті әкімдік биылдың өзінде 300-ден астам ит ұсталғанын хабарлады. Олардың сөзінше, қаңғыбас иттердің көп болуына олардың иесі жауапты. 

"Келесі аптада иттерді ұстайтын топ жұмысқа кіріседі. Бұл иттер қаладан келген болуы мүмкін”, – деді Қосшы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Дулат Сыздықов.

Ал, елорданың өзінде қаңғыбас иттерге арналған баспаналар толып жатыр. Дегенмен Қосшыда қолға түскен жануарлардың қайда жеткізілетіні белгісіз. 

Талқылау