Ақмола облысында 82,7 миллион теңгелік пайдаланылмайтын жер учаскелерi мемлекетке қайтарылды
Ақмола облысының прокурорларымен мемлекетке пайдаланылмайтын жер учаскелерi қайтарылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәліметтерге сенсек, Ерейментау ауданының прокуратурасымен пайдаланылмай жатқан жер телімдерін мемлекет меншігіне қайтару шаралары тұрақты негізде жүргізілді.
Биыл қадағалау актісінің негізінде жалпы кадастрлық құны 82,7 миллион теңге болған. Жалпы ауданы 10 мың гектарды болатын 3 жылдан астам мақсаты бойынша пайдаланылмаған 6 жер телімі қайтарылды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр.
Еске салайық, бұған дейін Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне стадион мен оқу корпусы қайтарылғанын жаздық. Горький саябағының аумағында орналасқан 5 гектар спорт нысаны бұрын жеке тұлғаларға заңсыз берілгені сотта дәлелденді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі