Ақмола облысында 15 жастағы оқушы қыз қаңғыбаспен бірге қашып кеткен
Ақмола облысында баспанасыз адаммен қашып кеткен 15 жастағы қыз табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі полиция департаментіне сілтеме беріп.

9-сынып оқушысын 20 қыркүйектен бері қарай іздеп келген. Ол күндіз үйінен шығып, жоғалып кеткен.
Полиция К. есімді жоғалған қыз нақты тұрғылықты мекенжайы жоқ (қаңғыбас) адаммен Мамедов Наурызбай Асылбекұлымен бірге болуы мүмкін екендігін анықтаған.
"22 қыркүйек күні сағат 21:30-да жедел-іздестіру іс-шаралары барысында хабар-ошарсыз кеткен К.-ның орналасқан жері анықталды. Қазіргі уақытта қыз ата-анасына берілді. Жасөспірімге қатысты заңға қайшы әрекеттер жасалып-жасалмағанына қатысты тексеру жүргізілуде", – деп хабарлады ПД.
Қазақстанда 2022 жылғы зейнетақы мен ең төменгі жалақының мөлшері аталды
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"