Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақыры татуласыпты ғой": Тұрсынғали Алагөзовтың бірінші некеден туған балалары кенже екі қызымен жүздесті

Тұрсынғали Алагөзовтің үлкен және кенже балалары кездестіФото: Видеодан скриншот

Танымал продюсер Баян Алагөзованың күйеуі әрі белгілі кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтың бірінші некеден туған балалары кенже екі қызымен жүздесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кәсіпкер әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялаған. Кадрлардан оның ересек ұлы мен қызы кішкентай Алма мен Алисаны ойнатып жүргенін байқауға болады. Ал видео соңында Тұрсынғали Алагөзов ұлымен және қыздарымен суретке түскен.

Бұл видео желі қолданушыларының назарын бірден аударды. Олар жаңалықты жылы қабылдап, түрлі пікір қалдырған. Ал кейбір қолданушылар кәсіпкер балаларымен “татуласты” деп топшылаған.

“Мен олардың татуласқанына қуаныштымын”, “Балалар әкелерін кешіріпті ғой, бәрі өз уақытымен”, “Тұрсын мырзаның балалары бір-бірімен қарым-қатынаста. Әкесі риза, жарайсыңдар! Баян Мақсатқызы тәрбие көрген, адамгершілігі өте жоғары. Бауырларды жақындатып жатыр”, “Балаларының бірге екені әке үшін қандай бақыт”, “Тұрсын аға үшін өте қуаныштымын, енді 100% бақытты шығар”, – деп жазған олар.


"Біз аман қалдық": Алагөзовтің экс-жары Ақан Сатаевтың бұрынғы жұбайына қолдау білдірді

Терреңқұр аумағындағы Алагөзовтың жер телімдерінің жанындағы жекеменшік үйлер бұзылып жатыр


Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынғали Алагөзов өз қызметкерлерінің ата-анасына ай сайын зейнетақы төлемек екені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сенбі, 28 Наурыз, 2026 21:59