"Әкімнің қызы басты рөлді сомдаған": Меруерт Түсіпбаева мен Баян Алагөзованың арасындағы дау өрши түсті
Фото: Stan.kz
ҚР еңбек сіңірген қайраткері Меруерт Түсіпбаева продюсер Баян Алагөзованың “Қозы Көрпеш-Баян Сұлу” киносын сынауды жалғастыырп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Актриса жобаның кастингі жабық өткенін сөз етті.
“Бұл сериал ұлттық арнада көрсетілді. Демек, халықтың салығынан жиналған ақшаға түсірілген. Ал негізгі рөлді сол кездегі әкімнің қызы ойнады. Мұндай "түсініксіз кастинг" қалай өтті?! – деп ашынды актриса.
Одан кейін продюсердің командасы әншіні қаралап, шабуыл жасаған.
“Мен тек пікірімді айттым. Содан кейін Баян, Бағым, бәрі жабылып, боқтады. "Сен ешкім емессің", "нөлсің", "бездарная" деп айтты. Баянмен бірге оқыдым. Ол кезде мен музыка-драма бөлімінде оқып жаттым, ол енді ғана түскен. Мен көшеден келген адам емеспін, білімдімін. Қолымдағы құжаттармен кез келген адамды құлата аламын”, – деп ренжіді әнші.
Актриса бұл жағдайдан кейін өзін қаралау науқаны басталғанын айтып отыр. Айтуынша, сыни пікір білдіргені үшін жеке басына тиісу жиілеп кеткен.
Айта кетейік, бұған дейін актер Тұңғышбай Жаманқұлов “Феникс” фильміне бөлінген қаржының жұмсалуына байланысты тергеуге тартылып, ақшаны қайтаруға мәжбүр болған еді. Ал дәл сондай жағдайда болған продюсер Баян Алагөзоваға қатысты шара қолданылмағаны қоғамда да сұрақ туғызып отыр.

Қостанайда Ресей флотының мерекесі тойланды: Әкімдік шарадан хабарсыз болған
