"Әкімнің анасын кіргізбей қойды": Мақпал Жүнісова Абайдың мерейтойында оқыс оқиғаға тап болды
Фото: https://www.instagram.com/zhunusova.makpal/
Абайдың 180 жылдық мерейтойына барған Мақпал Жүнісова тосын жағдайды баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік, Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы тойланды. 10 тамызда Абай ауданында өткен ақынның 180 жылдығына арналған мерейтойлық шараларға 50 мыңнан астам адам жиналды. Оның ішінде 15 елден шетелдік делегация келді. Абай ауданында 200-ден астам киіз үй тігілді. Өнер өкілдері де қатысып, халықтың қошеметіне бөленді.
“Кеше “Архат” ауылының әкімінің анасын Қарауылдың күзетшілері сахнаға өткізбей қойыпты. Ол кісі мені үш жарым сағат күтіп, концерт аяқталған соң сахна артындағы киіз үйге келіп, бата берді. “Мақта әпке, үлкен рақмет, ғұмырлы болыңыз!” – деді", – деп бөлісті Мақпал Жүнісова.
Еске салайық, Абай облысындағы Абайдың 180 жылдығына арналған іс-шарада жастардың қоршауында жүрген шенділердің видеосы тараған еді.
Желіде тараған видеода жастар қол ұстасып, бір топ шенеунікті қоршап жүріп келе жатқанын көруге болады. Видеоның сипаттамасында қоршаудың ішінде мерейтойға келген сенат спикері Мәулен Әшімбаев, Абай облысының әкімі Берік Уәли, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің кетіп бара жатқаны айтылған.
Видео желіде қызу талқыға түсті. Кейбір желі қолданушылары жастарды сынға алса, енді бірі жастарға тапсырма бергендерді жазалауды талап етіп жатыр.

Джей Ло концертінде жұмыс істеген кәмелетке толмаған волонтерлер ұйымдастырушыларға шағымданды
