Әкім Whatsapp арқылы ауыл тұрғынын балағаттаған: Шенеунік әйел жауапқа тартылды
Ақтөбе облысында ауылдық округтің әкімі жергілікті тұрғынды телефондағы хабарлама арқылы балағаттағаны үшін жауапқа тартылды, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеп.
Қарғалы ауданына қарасты ауылдың әкімі Амангүл Халиулина жергілікті тұрғынмен whatsapp желісі арқылы хат алмасу кезінде оны балағаттаған. Телефон арқылы хат-хабарлар алмасу нормаларын бұзған шенеунік бұл әрекетінен кейін тәртіптік жауапқа тартылды.
Жалпы алғанда, жарты жылдың ішінде тәртіп жөніндегі кеңестің отырыстарында 10 іс қаралған.
Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.
Талқылау