Әкім мас күйінде көлік тізгіндеген: БҚО полициясы түсініктеме берді

Батыс Қазақстан облысы Чапаев ауылдық округінің әкімі Биболат Зейноллиннің мас күйінде көлік жүргізгені үшін ұсталғаны туралы ақпарат тарады. Бұл жағдайға өңірлік полиция департаменті пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
“Уральская неделя” басылымының мәліметінше, әкімді 12 наурызға қараған түні полиция қызметкерлері алкогольдік мас күйде ұстаған.
“Әкім өзін науқаспын деп көрсетіп, аурухана төсегінде жатқанын айтып, “Дорожный контроль” блогерінің қоңырауына жауап бергісі келмеген. Дегенмен кейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін полицияның ұстағанын мойындаған”, – делінген хабарламада.
Қазақстандық шенеунік мас күйде көлік жүргізіп, 15 тәулікке қамалды
Астанада мас күйде көлік жүргізіп ұсталған судья қызметінен босатылды
БҚО полиция департаментінің ақпараты бойынша, Ақжайық ауданы Чапаево ауылы маңында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мас күйінде көлік басқарған жүргізушіні анықтаған.
“Дерек бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалып, материалдар сотқа жолдан”, – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Айта кетейік, мас күйінде көлік жүргізу 15 тәулікке әкімшілік қамауға алуға және 7 жылға жүргізуші куәлігінен айыруға әкеп соғады.
Еске салайық, бұған дейін Петропавлда полиция командирі жүргізуші куәлігінен айырылғандарға емін-еркін жүруге мүмкіндік жасағаны хабарланған еді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған