Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкім қызметінен кетуім керек болды: Мырзахметов отставкаға кетуінің себебін түсіндірді

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметов қызметінен босатылуының себебін түсіндірді. Ол барша жамбылдықтарға алғысын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Облысымызда өте ауыр қайғылы жағдай орын алды. Бұл жағдай тек жамбылдықтар үшін ғана емес, барша қазақстандықтарға да ауыр болып отырғаны бәрімізге мәлім. 170-тен астам адам жарақат алды. Ең ауыры он адам қаза тапты. Осындай жағдайда жұмысты жалғастыруға әкім ретінде өзім моральдық тұрғыдан ауыр деп есептедім. Сондықтан да осы жағдайда президентке өз еркіммен отставкаға кетуге шешімімді қабылдадым. Рахмет, шешімімді қабыл етті. Ең алдымен Елбасыға алғысымды айтқым келеді. Кезінде осы қызметке тағайындады, сенім білдірді. Қасым-Жомарт Кемелұлының көрсеткен қолдауына да үлкен рахметімді айтқым келеді», – дейді Асқар Мырзахметов.

Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының жаңа әкімі болып тағайындалды.

Ол Асқар Исабекұлының іскерлігіне тоқталып, өңірде қолға алынған іргелі істер мен жарқын жобалар жалғаса беретінін айтты.

Талқылау