Әкім Қазақстандағы ең арзан ет Батыс Қазақстан облысында екенін айтты
Фото: pixabay.com
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірдегі еттің қымбаттауы туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарып, облыста сиыр еті бағасы республика бойынша ең төмен екенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Төреғалиевтің айтуынша, өңірде сиыр етінің орташа бағасы келісіне 3060 теңге, ал республика бойынша орташа баға 3246 теңге.
"Ең төмен баға БҚО-да. Бізде 3060 теңге, бұл төмен баға, бізден кейін Ақтөбе мен Маңғыстау облыстары тұр. Сондықтан ет қымбат деген сөздер қайдан шыққанын білмеймін", – деді әкім.
Ол сондай-ақ облыс өзін етпен толық қамтамасыз етіп қана қоймай, басқа өңірлерге де жіберетінін айтты.
"Біз Батыс Қазақстан тұрғындарын етпен толық қамтамасыз етіп отырмыз және көршілес облыстарға Шымкент, Түркістанға жөнелтеміз", – деді Төреғалиев.
Айта кетейік, бұған дейін облыс басшысы БҚО-да қытайлықтар киік етін қайта өңдейтін зауыт салып жатқанын айтқан еді. Қазақстандық ауыл шаруашылығы саласының сарапшысы Төлеутай Рахымбеков елімізде алдағы уақытта еттің құны 15-20 мың теңгеге дейін жететінін айтқан еді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік