Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ақылға сыймайтын тыйым": Көлік министрлігінің көлік тасымалы қызметін 50 шақырымға қысқарту туралы ұсынысы сынға ұшырады

Көлік министрлігінің қалааралық көлік тасымалы қызметін 50 шақырымға қысқарту туралы ұсынысы сынға қалды. Депутаттар Асхат Аймағамбетов пен Никита Шаталов бұл бастамаға қарсы шықса, саясаттанушы Ғазиз Әбішев мұндай тыйымдарды "ақылға сыймайтын дүние" деп атады. Сынға жауап ретінде министрлік қоғамдық тыңдау өткізуге уәде берді.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

30 шілдеде Көлік министрі Марат Қарабаев  Яндекс пен InDrive такси қызметінің облыс аралық қызметіне шектеу қойылатынын айтты. Айтуынша, ұзақ жолдағы такси қызметін шектеу арқылы автобус қозғалысы жандандырылады. Кейін inDrive компаниясы қалааралық тасымалдаудың ыңғайлы екенін айтып, Көлік министрлігінен тыйым салмас бұрын қоғамдық талқылау жүргізу керегін айтты. 

"Ұсақ түсінбеушілік" немесе "Көлік министрлігі нарықты тыңғылықты зерттемеген"

Көлік министрлігінің ұсынысына депутаттар Асхат Аймағамбетов пен Никита Шаталов өз пікірлерін білдірді. Екеуі де мұндай бастаманың жүзеге асу мүмкіндігіне күмән келтірді.

Аймағамбетов такси қауіпсіздігі мен жылдамдықты шектеу мәселелерін басқа жолмен шешу керек деп есептейді. Ол министрлікті ғылыми зерттеулер мен дәлелдерге сүйене отырып шешім қабылдауға шақырып, бұл ұсыныстарды жұрт жақсы түсінбейтінін айтты. 

"Бұл жай ғана түсініспеушілік деп үміттенемін. Алайда бұл бастама шын болса, онда осы идеяның авторлары қойған мақсаттарына осындай әдістермен жете алмайтындарын түсінуі керек. Таксистер "көлеңке нарыққа" өтіп, жұмысын жалғастыра береді. Мәселе шешілмейді. Әрине, жылдамдық режимін бұзу мәселесінің бар екенін ешкім жоққа шығармайды, бірақ шешімі басқа болуға тиіс", — деп жазды Аймағамбетов.



Сондай-ақ ол такси жүргізушілері мен Яндекс, Glovo сияқты платформалар арқылы жұмыс істейтіндердің барлығының қызметін заңдастырған заң қабылданғанын еске салды. 

Депутат Шаталов Көлік министрлігі қалааралық тасымалдау нарығын монополиялауды жоспарлап отырғанына таңданысын білдірді. 

"Қызметтердің ресми ұсынысын автовокзалдарға ғана шектеу арқылы Көлік министрлігі өз мақсатына жете алмайды. Мұндай шараның әсерін болжау қиын емес: монополиялық нарықты алған станциялар мен маршруттық желілер дами бастайды", – деді депутат.

Сондай-ақ ол көлік нарығын тек бір ойыншымен шектеуді "біртүрлі шешім" деп атады.

"Бұл ақылға сыймайтын шешім”

Саясаттанушы Ғазиз Әбішев жоспарланған шектеулерге көңілі толмайтынын жеткізді.

"Көлік министрлігі такси жүргізушілерінің аяғын теңгерім бұғауымен байлауды жоспарлап отыр. Жүргізушілер жылдамдықты 50 шақырымға дейін азайтуға тиіс деген тыйым, мүлде ақылға сыймайтын дүние", — деді Әбішев.

Ол шектеулердің жүргізушілер мен олардың клиенттеріне әсер ететінін айтты. Оның ойынша, министрлік сұраныс пен ұсынысты ескеріп, органикалық түрде қалыптасқан мүмкіндіктерді тартып алмауы керек.

Сондай-ақ ол өңіраралық тасымалдағы апаттардың деңгейін бағалау үшін нақты зерттеулер жүргізу керегін ескертті. 

“Мысалы, "жәбірленушілер саны/тасымалдаушылар саны" арақатынасын бағалап, “тегін/заңсыз такси жүргізушілері факторы" салдарынан болған жазатайым оқиғалардың көрсеткіші қандай екенін анықтай аласыз”, – деді ол. 

Көлік министрлігі қандай жауап берді

Көлік министрлігі такси қызметіне қатысты барлық мәселе мен ұсыныстар қаралып жатқанын және міндетті түрде қоғамдық талқылау болатынын мәлімдеді. 

"Көлік министрлігі такси тасымалдау саласындағы жетекші интернет-платформалармен бірлесіп, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қазір нарық субъектілерінің ұсыныстары әрі қарай зерделеу және егжей-тегжейлі талқылау үшін қалыптасып отыр", – делінген хабарламада. 

Министрлік жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде көлік құралдарын техникалық байқаудан өткізуге, жүргізушілерді медициналық тексеруге, жылдамдық пен жұмыс режимін сақтауға, сондай-ақ сақтандырудың болуына қатысты талаптар маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Алайда оларды такси жүргізушілері "көбіне" байқамайды.

"Бұл жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Көбіне адам өліміне әкелетін жол-көлік оқиғалары қозғалыс жылдамдығы жоғары қалааралық тас жолдарда болады. Тиісінше, азаматтарды қалалар арасында тасымалдайтын таксилерге де басты назар аударылады", – делінген хабарламада. 

Сондай-ақ Көлік министрлігі “Яндекс.Такси” мен InDrive жүргізушілерін күн сайын Face ID және медициналық тексеруден өтуге міндеттеуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Көлік министрлігі Яндекс пен InDrive такси қызметінің облыс аралық қызметіне шектеу қойылатынын хабарлаған еді. Көлік министрі Марат Қарабаевтың сөзінше, ұзақ жолдағы такси қызметін шектеу арқылы автобус қозғалысы жандандырылады.

Талқылау