"Ақылды ана": Түркияда ит өлім аузында жатқан күшігін ветеринар клиникаға өзі апарған (видео)
Желіде Ыстамбұлда иттің өлім аузында жатқан күшігін Бейликдюзу ауданында орналасқан ветеринарлық клиникаға апарған видеосы тарады. Оларды кезекші санитар байқап, күшікке көмек көрсеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: видео кадрларынан скрин
Видеоны Тurknws Instagram парақшасына жарияланды. Деректерге сүйенсек, оқиға 15 қаңтарда болған. Клиниканың иесі, ветеринар Батуалп Оганның айтуынша, сол күні ит біраз уақыт бұрын босанған. Бірақ оның күшіктерінің барлығы дерлік өліп қалған. Ит жағдайы ауыр және жүрек соғысы баяулаған күшігін ветеринарлық клиникаға апарған. Кейін күшік жансақтау бөліміне орналастырылды. Ал анасы бүкіл емдеу кезінде баласынан алыстамаған.
"Біз күшіктерінің бәрі өліп қалды деп ойладық. Кейін күшіктің тағы бір ағасы тірі екені белгілі болды. Оны еріктілер әкелді. Ал анасы сол күні тірі қалған күшігін бізге әкеліп, оны есіктің алдына қойды. Оларды көрген дәрігер күшікті ішке кіргізді. Біз күшіктің жүрегі соғып тұрғанын байқадық. Оны жансақтау бөліміне орналастырдық. Қазір ол ағасымен бірге емделіп жатыр. Құдайға шүкір, оның жағдайы жақсы. Ол да анасымен қайта қауышты", – деді ол.
Иттің күшігін тістеп әкеліп, көмек сұраған сәті қауіпсіздік камераларына түсіп қалған. Желідегі бұл видео көшілікті елжіретті. Жұрт ит пен оның өлім ауызындағы күшігіне көмектескен ветеринарларға алғыс айтты:
"Қандай сүйкімді", "Кейде жануарлар адамдардан да жақсы", "Қандай ақылды ит және мына жігіттер қандай керемет", "Бәрі жақсы аяқталғаны қандай жақсы, ақылды ана", "Бүгін көрген ең жақсы нәрсем. Мейіріміңіз жүз есе оралсын", "Жануарлар кейбір адамдарға қарағанда ақылды және бәрін түсінеді", "Керемет! Ветеринарларға рахмет! Мен бірнеше рет көз жеткіздім. Адамдар секілді жануарлардың да ақылдысы мен ақылсызы болады", "Ақылды анаға да, ветеринарларға да алғыс! Қаңғыбас күшікті қарамай қойған жоқ. Өкінішке қарай, барлық елде мұндай жағдай жасамайды. Түркияда көше жануарларына өте жақсы қарайды", – деді жұрт.